Талдықорғанда полицейлер азаматтың тоғыз қабырғасы мен төсін сындырған

Ulysmedia

Қаңтардың 14-і күні Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылынан Талдықорғанның орталық базарына барған Жақсылық Советбеков полиция қолына түсіп, бір күн азап көріп, төсі мен тоғыз қабырғасы сынып қайтқанын айтады, деп хбарлайды ulysmedia.kz. azattyq.org-қа сілтеме жасап.

Фото: azattyq.org

Мектепте 13 жыл сабақ беріп, кейінгі жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан Жақсылық Советбеков жөн-жосықсыз соққыға жығылдым деп есептейді. Ол қаңтардың басында Талдықорғандағы "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айыппен абақтыға қамалған, әлеуметтік желіде азапталған суреттері жарияланған Азамат Батырбаевпен ауруханада бірге жатқанын айтады. Батырбаевтың денесіндегі жарақаттарды көрдім деген ол полиция бөлімінде көп азамат азапталып жатқанын баяндап берді.ерттеуге, заңсыз әрекеттерге барған құқық қорғау орган өкілдерін жауапқа тартуға шақырған еді.

 «Қаңтардың 14-інде сағат 10 шамасында әйелім екеуміз азық-түлік алу үшін Талдықорғанның орталық базарына барғанбыз. Сағат он бірлерде біреу "қылмыстық іздестіру бөлімінен хабарласып тұрмын. Сіздің мәшинеңіз қаңтардың бесінде Талдықорғанда камераға түсіпті. Ішкі істер департаментіне келіп, бірер қағазға қол қойып кетсеңіз" деді. 15 миунтта жетіп бардым. Бірақ ішке кіргізбеді. Жаныма ақ "Спринтер" көлігі тоқтады да атымды атап шақырды. Жақындай бергенімде ішінен қара маскалы полицейлер түсті де, жұлып әкетті. Қолыма дереу кісен салып, басыма қап кигізді де, тепкінің астына алды», - дейді Жақсылық Советбеков.

Жәбірленуші полицияның не үшін айыптағынымен де бөлісті.

«Ә дегенде ештеңе сұраған жоқ. "Не болды, менің не жазығым бар?!" деп айғайлап жатырмын. Балағаттап, "4 ПМ қайда, неге митингіге адам тасисың? Артыңа дубинка тығамыз!" деп әбден қорлап, балағаттады. Автобустың еденіне жатқызып қойып, 5-6 полицей әбден тепкіледі. Шынымды айтсам, не үшін тепкілеп жатқанын түсінбедім. Тек басымды ұстап қорғана бердім»,- дейді ол.

Тергеуден кейін Жақсылық 10 күндей  ауруханада жатқан.

«Тергеуге 14 қаңтарда сағат 11-дің кезінде әкеткенін анық білемін. Кешкі жеті жарым, сегіз шамасында шығарған. Сол күні ауруханаға түсіп, 25 қаңтарда шықтым. Сол жақта – жеті, оң жақта екі қабырғам, төсім сынған. Сынған қабырғам өкпеме кірген, өкпеме қан толған. Көгерген жер көп. Кісен ізі біразға дейін жүрді. Электрошокер екі иығымды күйдіріп, тесіп тастаған. Желкемнен дубинкамен ұрып, қарайтып жіберіпті. Ауруханада он бір күн жаттым. Қаңтардың 21-і Алматы облыстық прокуратурасының қызметкері келіп, түсінік алды. Адамдарды ауруханадан әкетіп жатыр дегенді естіп әйелім бас прокуратураға звондапты. Мені де ұрлап кетпесін деп сескенген ғой. Таяуда прокуратура тағы хабарласып, сұрақ қойды. Медициналық қағаздарымды сараптамаға жіберді. Қылмыстық іс қозғалады, ұрған адамдармен беттестіреміз деді»,- дейді ол.