Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болған

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Полиция қазақстандықтарға жаңа алаяқтық түрі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өзін мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырады. Олар «сіз салық декларациясын уақытында тапсырмадыңыз» деп қорқытып, үш күн ішінде мәселені «шешуді» талап етеді.

Қылмыскерлер «жеке басын растау» сылтауымен азаматтардан SMS арқылы келген кодты айтуын сұрайды. Сол код арқылы олар банктік шоттарға қол жеткізіп, адамдардың ақшасын ұрлайды.

ЕСКЕРТУ

Полиция мемлекеттік органдардың қызметкерлері мұндай қоңырау шалмайтынын және ешқашан растау кодтарын сұрамайтынын ескертті.