Алаш күнін белгілеу: Бастама мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылады

Ulysmedia

Бұл жөнінде үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың депутаттарға берген жауабында айтылған. Бұған дейін аталмыш бастаманы Мәжіліс тарамай тұрып Берік Дүйсенбинов көтерген еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Жыл сайын «Ақ жол» партиясының бастамасымен ұйымдастырылатын «Алашқа тағзым» шеруі мен жылдағы дәстүр бойынша 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жоғары деңгейде ісшаралар ұйымдастырылып жатыр. Алдағы уақытта, көтерілген мәселе Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылатын болады», - дейді Әлихан Смайылов.

Еске сала кетейік, аталған бастаманы депутат Берік Дүйсенбинов көтерген еді. Ол өз сөзінде "іс жүзінде хандық үлгідегі ыдырап  кеткен Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуда, яғни, бүгінгі тәуелсіздіктің негізін қалауда  жиырмасыншы ғасырдың басында заманауи Қазақ мемлекетін құруға ұмтылыс жасап, білім мен  қажыр-қайратын салып, осы жолда шахид болған Ұлт көсемдерінің, Алаш Республикасы арыстарының ролін ерекше атап өтуіміз керек" деп мәлімдеген.