Алматыда мектеп оқушысын пышақтап кетті

Ulysmedia

Алматыда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Қаланың Алатау ауданында мектеп оқушысы көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша 17 жастағы оқушы 13-14 жасар баланы пышақтаған.

Қалалық полиция департаментінде оқиға Алатау аудандық полиция басқармасында ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады.

«Күдікті ұсталды. Қылмыстың мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады полициядан.