Жас кезінде пойызда болған оқиғаны айтқан әртістің басы бәлеге қалды

Сырым Қаржас
Видео кадры

Жас кезінде пойызда отырған бейтаныс қызды сүймек болғанын айтқан Айбек Байназаровтың басы бәлеге қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол YouTube-тегі бағдарламалардың бірінде жас кезінде болған оқиғаны айтып берген. Оқиға пойызда болған. 

- Бойдақ кез, “жақсы” ішетін кез. Пойызда келе жатырмын. Купеге келіп, екінші қабатына жаттым. Купеде бір қыз отыр. Оған қарасам “алма” болып жатыр ғой. Қызға жарты сағаттай қарап жаттым. Ойым кетіп жатыр. Екінші қабаттан түсемін. Мойнына дейін келемін. Келе бергенімде “жоқ” деген белгі берді. Тілім ұзарып, мойнына дейін келемін. Қарап-қарап, қайтадан артқа кетіп қалдым, – дейді әртіс. 

ҚАЗНЕТ РЕАКЦИЯСЫ

Қазақстандықтақ Байназаровтың сол кездегі әрекетіне наразы болған. 

- Өзге ер адам саған аш көздерімен қарағанын көргеннен кейін өзіңді кір сезінесің, барып жуынғың келіп кетеді! Ұзақ уақыт есіңнен кетпей, жиіркеніп, ашуланып жүресің! Әрекетке барғаны тіпті сұмдық!, – дейді threads қолданушысы. 

- Күлкі қылып айтқанына жол болсын, мүлдем күлкілі емес, қорқынышты ғой.

- Өте жиіркенішті әңгіме. Мүлдем танымайтын қызды аңдып, купеде ұйықтап жатқанда мойнынан сүйгісі келу күлкілі ма сонда? Әлемде әр 3 әйел (қыз, жасөспірім) алымсақтықты (домогательство) басынан өткереді десе көп жігіттер сенбейді. Міне факт. Өзі айтып, өзі соны күшті бір күлкілі әңгіме екен деп жеткізіп отыр. Оны әлдеқандай қылып ютубқа салып, – дейді коуч Роза Әшірбаева.