12 жастағы ұлын өлтірген алматылық әйел артынан өз-өзіне қол салды

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полиция дерегінше, 1981 жылы туған әйел өзінің 12 жастағы ұлын пышақтап өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Аталған дерек Алмалы ауданының полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді.

«Сондай-ақ әйелдің бұрынғы күйеуіне ішіне жын кіріп, ұлын соның қолымен өлтіргені туралы аудио хабарлама жолдағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам бұрынғы әйелінің үйіне келіп, екеуінің денесін тапқан»,- деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның айтуынша, оның бұрынғы әйелі соңғы айларда психикалық аурумен ауырған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сізге қызық болуы мүмкін