Ақмола облысында әйел жансыз туған нәрестесінің денесін пешке жағып жіберген

Ulysmedia

Ішкі істер министрлігі 24 қаңтарда әйелден қан кете бастағанын хабарлайды. Ол медициналық көмекке жүгінбеген. Түсік тастаған.

Фото: Ашық дереккөзден

Нәрестеден өмір белгісін байқамаған анасы оның шетінегеніне сенімді болған көрінеді. Осыдан кейін ол нәрестенің денесін, қалдықтарын үй пешінде өртеп жіберген. 26 қаңтарда аудандық аурухананың дәрігері Бұланды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне оқиға туралы хабарлаған.

«Ананың ұрықты түсік тастап өлтіргені фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады полицейлер.

ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (ананың жаңа туған баланы өлтіруі) бойынша тергеу амалдары басталды.