Елде жұмыссыз жүрген жастар саны қанша

Ulysmedia

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастар санын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Оның сөзінше, елімізде жастар арасындағы жұмыссыздық 3,8 пайызды құрайды. 

«Жастар арасындағы жұмыссыздық 3,8 пайызды құрайды. Бұл ресми статистика. Бізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бар екенін білесіздер. Яғни, олар ресми тіркелмеген. Бірақ, жұмыс істейді, ал міндетті зейнетақы жарналары және басқа да өзге аударымдар жүргізілмейді», - деді Олжас Орбаев брифингте.

Вице-премьердің сөзінше, екі қолға бір күрек таппай жүрген қазақстандық жастардың саны шамамен 80 мыңға жуықтайды.