Қостанайда көше тазалап жүрген жұмысшыны автобус қағып кетті

Ulysmedia

Қостанай қаласында коммуналдық қызмет жұмысшысын автобус қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz top-news.kz порталына сілтеме жасап.

Фото: дереккөзден

Ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті растады.

Полиция мәліметінше, оқиға 9 ақпан күні қаладағы аялдамалардың бірінің жанында болған. №38 бағыттағы қоғамдық көлік жол жиегінде жұмыс істеп жүрген 1965 жылы туған әйелді қағып кетті.

"Әйел жарақат пунктіне жеткізілді. Дәрігерлер оған амбулаториялық ем тағайындады", - деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Жүргізуші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.