СҚО-да 14 жастағы қызды зорлаған күдікті ұсталды

Ulysmedia

Мағжан Жұмабаев ауданында 14 жастағы қыз баланы зорлады деген айыппен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

 

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше,аудандық полиция бөліміне 14 жасар қыздың зорланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған факті ҚР ҚК 120-бабы 1-тармағының 3-1-бөлігі "Зорлау" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелі.

“Булаев қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір ол уақытқа оқшаулағышқа қамалды. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, істің мән-жайын зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген хабарламада.