Қазақстанда рейдерлікке қатысты қылмыстар 2 есе көбейген

Ulysmedia

Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ведомство мәліметінше, 2022 жылы құқық қорғау органдары рейдерлік фактілер туралы 19 қылмыстық істі тергеді (2021ж. – 11). Тергеу нәтижелері бойынша сотқа 2 іс жіберілген.

“Елде осы санаттағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар жоспарлы түрде қабылдануда. 2011 жылдың қаңтарында рейдерлік үшін қылмыстық жауапкершілік алғаш рет енгізілді (бизнесті және мүлікті заңсыз басып алуға қарсы іс-қимыл туралы заңмен).

2021 жылдың шілдесінде Қылмыстық кодекстің 249-бабы осы қылмысты жасаудың жаңа тәсілдерімен толықтырылды. Осы бап бойынша жауапкершілік күшейтілді. Құрамы ауыр қылмыстар санатына жатады. Құқық қорғау, бақылау және өзге де органдардың ресурстары мен өкілеттіктерін пайдалана отырып не сот тәртібімен басып алу орын алған кезде «сыртқы, күштік» рейдерліктің жаңа құрамы енгізілді”, – делінген құзырлы орган хабарламасында.