"Кәрі сайқал": Ақтөбеде мұғалімді балағаттаған оқушы таяқ жеді

Ғалиасқар Думан

Ақтөбедегі № 53 мектепте оқушы мен мұғалім ұялы телефон үшін жанжалдасып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ernur.kz

“Диапазон” басылымының жазуынша, жанжал кезінде мектеп оқушысы мұғалімді "кәрі жезөкше" деп тілдеген. Мұндай қорлыққа шыдай алмаған мұғалім 10-сынып шапалақпен тартып жіберген. Мұғалімнің әрекетін оқушылар видеоға түсіріп алыпты.

Ақтөбе қалалық білім бөлімі жанжал  алгебра сабағында ұялы телефонға байланысты туындағанын мәлім етті.

Мектеп әкімшілігі бұл факт бойынша мұғаліммен және оқушымен сөйлесті, екі тарап бір-бірінен кешірім сұрады. Математика пәнінің мұғалімі 21 ақпаннан бастап денсаулығына байланысты демалыста, үйінде ем қабылдап жатыр. Осы сыныптың ата-аналары мен оқушылары математика пәнінің мұғалімінен мектепте жұмыс істеуін сұрайды, - деп түсіндірді қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева.

Айта кетейік, Қазақтан мектептерінде сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынуы мүмкін.