Павлодарда шала туған сәбиді әжетханаға ағызып жіберген

Ғалиасқар Думан

Павлодарда кәріз құбырынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Twitter

ІІМ мәліметінше, сәбидің денесі 20 сәуір сағат 18:15 шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберісінің жертөлесінде кәріз құбырын тазалау кезінде табылған.

“ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады”, – делінген хабарламада.