Жаңа заң: Қазақстанда қандай мәселелерге қатысты петиция беруге болмайды

Ғалиасқар Думан

Мәжіліс депутаттарына «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ustanovka.pro

Құжатты таныстырған Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров петиция беру тәртібі заңнамамен қалай реттелетінін түсіндірді.

«Заңнамада «петиция» ұғымы айқындалады. Сонымен бірге, петиция беру жөніндегі өтінішті Қазақстан Республикасының азаматтары арнайы интернет порталы арқылы бере алады. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте петицияларды беру және қарау тәртібі бекітіледі. Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган петицияның белгіленген шарттарға сәйкестігін айқындайды. Шарттарға сәйкес келмеген петиция қабылданбайды», - деді ол.

Вице-министр петиция беруге тыйым салынған мәселелерге де тоқталды.

«Мемлекеттік басқару нысаны, әкімшілік-аумақтық құрылымы мен шекараларын өзгерту, сот төрелігі, рақымшылық, ұлттық қауіпсіздік сияқты мәселелерге қатысты петициялар беруге тыйым салынған. Петиция беруге тыйым салынған бұғаттар ұлттық заңнамамен реттеледі», - деді Данияр Қадыров.