Астанада бір тәулікте 100-ге жуық жол апаты тіркелді

Ulysmedia

Елордалық полицейлер бір тәулікте 96 жол-көлік оқиғасын тіркеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

Жүргізушілер ауа райының бұзылуына байланысты жолда абай болуы керек.

«Автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстыруға, белгіленген жылдамдық режимін қатаң ұстануға, тежеуішті күрт баспауға, арақашықтық сақтауға кеңес береміз», - деді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін бас қалада тағы қар жауады, күндіз 0+2, түнде-1-3 градус болады.