Әлем туристерін магнитше тартып, сұлу да маңғаз қалпымен баураған Дубайда қазір қонақ аз. Иран мен АҚШ-Израиль соғысы басталғалы бұл қаладан да тыныштық кеткен. Бұрын әлемдегі ең қауіпсіз қала саналса, қазір жарылыс үнін күнде есту қалыпты құбылысқа айналған.
Дубайда тұратын отандасымыз Ұлдана Сұлтанова Таяу Шығыста қақтығыс басталғалы қала өмірі қалай өзгергенін айтып берді.