Қазақстан соғысқа байланысты тауардың 106 түрін Ресейге экспорттаудан бас тартты

Аян Өрібай

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Ресейге тауардың барлық түрі экспортталып жатқанын, алайда соғыс пайдасына жарауы мүмкін тауар түрлері экспортталмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

OCCRP

– Біз тауардың барлық түрін экспортқа шығарып жатырмыз (Ресейге – авт.) Әйтсе де соғысқа қатысты тауарларды шектедік. Оған тауардың 106 түрі кіреді. Біз оларды шығармаймыз, – дейді Төребаев Сенат кулурарында.

Төребаевтің сөзінше, мұндай тауарлардың түріне дрондар, арнайы электроника, чиптер және тағы басқа тауарлар кіреді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2023 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында Ресей көрші елдерден импортты кем дегенде 5,2 млрд долларға немесе 37%-ға арттырғаны хабарланған еді.