Өскеменде тұрғын үйдің электр сымынан шыққан өртті 8 техника сөндірді

Ulysmedia

Өскеменде тұрғын үйде өрт 8-ші қабаттағы электр шкафының өртенуінен басталып, бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейінгі аралықтағы электр сымына өтіп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Набережная Славского көшесіндегі оқиға орнына жеткен Өрт сөндіру қызметінің мамандары газ бен түтіннен қорғау жасақтарын ұйымдастырып, арнайы бетперде киіп, жедел түрде 5 тұрғынды құтқарды. Өрт сөндірушілер келгенше тағы 20 адам қауіпсіз жерге шығып үлгерді.

27 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 25 қызметкер мен 8 техниканың атсалысуымен сөндірілді.

Алдын ала болжам бойынша, өртке электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себеп болған.