Қызылорда облысында қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

Ulysmedia

Байқоңыр қаласы маңындағы Төретам кентінде қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24kz-ның мәліметінше, шала туылған шақалақты көп қабатты үйдің ауласын тазалап жүрген көше сыпырушысы байқап қалған.

Мамандардың айтуынша, түсік тасталғаннан кейін нәрестенің жансыз денесін күл-қоқыс жинайтын контейнерге тастап кеткен. Қазір Ішкі істер министрлігінің Байқоңырдағы өкілдігі қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісіп кетті. Әзірге сәбидің анасы табылған жоқ.