Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ulysmedia

Атырау облысы әкімінің қазіргі орынбасары Қайрат Нұрлыбаев Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тұрған кезде 80 миллион субсидияны заңсыз бөлді деп күдіктелуде. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

azh.kz-ның мәліметінше, Атырау облысының әкімдігі әкім орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВҚА қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

Әңгіме Құрманғазы ауданындағы құс фабрикасын субсидиялау жөнінде болып отыр: мұндай үлкен бюджеттік «салым» үшін оның өндіріс көлемі тым аз.

«Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша - прокурордың 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен ол «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне 83,7 млн теңге көлемінде инвестициялық субсидияны заңсыз төлеу арқылы бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.

Инвестициялық субсидиялар келісімшарттарын жасау және инвестициялық субсидияларды төлеу Қ.Нұрлыбаевтың Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы (бұл лауазымға 2019 жылдың 5 маусымында тағайындалған) болып жұмыс істеген кезінде 2019 жылдың 26 маусымынан 4 желтоқсанына дейін жүзеге асырылған. Бүгінде «Бұйырғын» кооперативі 83,7 миллион теңге қарызды толық көлемде өтеген», - делінген хабарламада.

Қайрат Нұрлыбаев Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2021 жылдың қаңтарында тағайындалды. Ал Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі қызметіне 2019 жылдың 18 желтоқсанында кірісті.