Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің басшысына тағы бір үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облыстық прокуратура мәліметінше, 2021 жылы арнайы прокурорлар ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу саласындағы кепілдік жарналарды қайтармау фактісі бойынша жоғарыда аталған бөлімнің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерген.
Кейіннен аудандық соттың 2022 жылғы 19 мамырдағы үкімімен ол ҚК-тің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оны тергеу абақтысынан түзеу мекемесіне жолдағаннан ұзақ уақыт өтпей, жаңа қылмыстық іс тіркеу үшін тағы бір факт анықталды.
“Мәселен, ТКШ бөлімінің қызметін бюджет қаражатының жұмсалуына және депозитарияны ұйымдастыруға тексеру барысында 2014-2016 жылдар аралығында Т. Рысқұлов ауданының прокуратурасы 5 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Ұрлау тәсілі аудандық әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бұрын ұрланған ақшалай қаражатты өтеу үшін мердігерге кепілдік сомасын қайтару үшін ақшалай қаражат бөлу туралы хат жолдау болды”, – делінген хабарламада.
Осы факті бойынша ҚК-тің 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-терсеру жүргізіліп, кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.
Соттың 20 қыркүйектегі үкімімен бөлім басшысы осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚПК-тің 58-бабының 3-бөлігін қолдана отырып (жаза неғұрлым қатаң жазаны сіңіру арқылы тағайындалды) 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.