Ердоған түркі елдерінің ортақ әліпбиі туралы сөз қозғады

Аян Өрібай

Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ортақ әліпби туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

«Біздің бірлік үшін тіл өте маңызды. Ортақ әліпби өте маңызды. Президенттің қолдауы да өте маңызды. Әрине, бұл жерде жоғары білім кеңесіміз хатшылыққа ұсыныстарын берді. Ол жоғары бағаланар деген үміттеміз», - деді Ердоған.

Айта кетейік, бұдан бұрын  Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде жаһандық сындарға төтеп беру үшін түркі елдері бірге болуы керегін айтты.

«Әзербайжандағы соғыс аяқталғаннан кейін ол мемлекет Қарабақты қайтарып алды. Бұл - Әзербайжанның үлкен жетістігі. Қазір бейбітшілікке қарай бір қадам жасадық. Арменияға өз міндеттерін орындау маңызды. Тағы бір маңыздысы – көлік дәлізі. Әзербайжанды Нахчыванмен байланыстыру керек. Бұл дәліз Түркияны Орталық Азиямен қосады. Орталық Азия - біздің бабалардың мекені. Бұл процестерді сәтті аяқтау үшін осы жұмысты сәтті жүргізу керек», - деді ол.