Гамбург әуежайына қарулы адам кіріп кеткен

Ulysmedia

Гамбургте мемлекеттік нөмірі жоқ Audi көлігімен ер адам әуежайдың 1-терминалын соғып өткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Көлік шлагбаумды бұзып, ұшақтарға қарай бет алған. Содан кейін жүргізуші аспанға бірнеше рет оқ жаудырды, Молотов коктейлін лақтырды.

Ол көлікте төрт жасар баланы кепілде ұстап отыр. Осыдан сәл уақыт бұрын оның әйелі полицияға хабарласып, ер адам баласымен әуежайға қарай келе жатқанын мәлімдеген. Оның бұл әрекетінің себептері көрсетілмеген.

Гамбургте әуе қозғалысы толығымен тоқтатылды, терминалдарға кіруге тыйым салынды. Оқиға орнында көптеген полиция қызметкерлері бар.