Қаржылық жағдайың жақсарады: Желіде Тоқаевтың суретімен жарнама тарап кетті

Ulysmedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретімен «Әлеуметтік жоба. Енді әрбір қазақстандық қаржылық жағдайын жақсарта алады» деген жазуы бар жазба Facebook-ті шарлап кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ФОТО: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Facebook-тегі ресми парақшасы

Ал «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Facebook-тегі ресми парақшасында әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратты жоққа шығарды.

«Соңғы кезде «Бәйтерек» холдингінің атынан логотип пен басқа белгілерді қолдана отырып, жалған ақпарат орналастыру жағдайлары жиілеп кетті. Карусельде жоғарыда аталған жалған жазбалардың скриншоттары бар. Ақпарат шындыққа жанаспайды. Холдинг олардың авторы емес», - деп жазылған холдингтің Фейсбуктегі ресми парақшасында.

Бұған дейін аталған холдингтің төрағасы Ерболат Досаевтың суретімен дәл осындай жазба таратылған болатын.