«Қазақмыс» шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ғалиасқар Думан

«Қазақмыс» компаниясының Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

“Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау кен шебері өлімге әкелетін жарақат алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда”, – делінген компания хабарламасында.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Kazakhmys Copper-ге тиесілі, оның акцияларының 100%-ы KCC B.V.  Нидерланд холдингіне тиесілі. 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап "Қазақмыс" басқармасының төрағасы болып Нұрахмет Нұриев тағайындалды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Рудныйда ЕRG кәсіпорнында жұмысшы қаза тапқан.