Соттағы рекорд: «Оператор РОП» ісі бойынша жарыссөз небары 9 минутқа созылды

Ғалиасқар Думан

Бүгін, 9 қарашада Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында тұңғыш президенттің кіші қызы Әлия Назарбаеваның бұрынғы үй қызметшісі және "Оператор РОП" ЖШС ресми экс-құрылтайшысы Шынар Мұқтароваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасты. Ulysmedia.kz редакциясы атышулы істің дамуын бақылап келеді.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Отырыс небары 9 минутқа созылды

Отырыс белгіленген уақыттан 20 минут кеш басталды.Судьяның кешігу себебі хабарланған жоқ, алайда бұған бірнеше факторлар әсер етуі мүмкін екенін атап өткен жөн – ауа-райының қолайсыздығы, елордадағы кептелістер, жұмыс жағдайлары немесе Путиннің келуіне байланысты қалада көшелердің бір бөлігінің жабылуы.

Сот залына жиналғандар отырыстың басталуын күтіп тұрғанда, адвокаттар сотталушыға бірнеше құжат әкелді, Мұқтарова артық сұрақ қоймай, оларға тез қол қойды.

Отырыс басталған сәтте қорғаушы тарап бірден бірнеше өтінішхат берді – процестік келісімді қайта жасау, сондай-ақ сотталушының мүлкіне салынған тыйымды алып тастау туралы. Мемлекеттік айыптаушы мен жәбірленушілер қарсылық білдірген жоқ.

Осыдан кейін судья өтініштер бойынша шығарылатын шешімді 15 қарашада жарияланатынын және отырыстың аяқталғанын мәлімдеді.

Қандай айып тағылып отыр

Мұқтарова екі қылмыстық бап – 28-баптың 3-бөлімі (қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру) және 189-баптың 4-бөлімі (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша айыпталып отыр.

2 қарашадағы сот отырысында Мұқтарова жәбірленуші тарапқа — "Жасыл Даму" АҚ-ға 920 млн теңге көлемінде залалды өтегені белгілі болды.

Ал 6 қарашадағы отырыста Мұқтарова кінәні Әлия Назарбаеваға артпай, Коротенкомен бірге атышулы компанияның тең құрылтайшысы болғанын және қыруар "дивидендтер" алғанын мойындады.

Жауап алу барысында Мұқтарова көзіне жас алып, ақшаны ешқашан пайдаланбағанын және жәбірленушіге қайтарғанға дейін қаражаттың бәрі бөлек шотта жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол ЖШС-ні "басқаруға" келіскен сәтте Коротенко оған заң бұзу ниеті туралы айтпағанын мәлімдеді.

Атышулы іс

"Оператор РОП" компаниясының қызметкерлеріне шілдеде сот үкімі шыққан. 22 қыркүйекте Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"Оператор РОП" ісін тергеу өткен жылы басталған болатын. Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "Оператор РОП" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бас директор Светлана Короткенко және қаржы директоры Рустем Темірбек қамауға алынды. Оларға алты қоқыс шығаратын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру арқылы кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 млрд теңгені ұрламақ болды деген айып тағылды.

Тергеушілер "Оператор РОП" қызметкерлері артық шығындарды инвестициялық саясат бағдарламасына негізсіз қосқан деп санайды. Оның ішінде Әлия Назарбаеваның компаниясы осы зауыттарға жұмсауды жоспарлаған 180 млрд теңгенің тағдыры дәл сондай болған. Прокурордың пайымынша, "ӨКМ Операторының" инвестициялық жобаларын "өткізіп жіберген" Пірімқұлов қылмыс жасауға жол ашқан.

Сотталушылар "Оператор РОП" компаниясының нағыз иесін – Әлия Назарбаеваны жазалауды сұраған. Алайда ол сотқа шақырылған жоқ.

Жуырда Қазақстанның Бас прокуратурасы Назарбаеваны жауапқа тарту мәселесіне қатысты түсініктеме берген.