Қызылша жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан 29 баланың жағдайы қалай?

Ulysmedia

Қызылша жұқтырған 29 баланың жағдайы ауыр, олар жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары Әйгерім Оспанованың мәліметінше, жалпы елімізде 2079 бала стационарлық ем алып жатыр.

“Күн сайын 300-ден астам бала ауруханадан үйлеріне шығарылып, 400-ге жуық жеткіншек түсіп жатыр. Ал балаларға бекітілген 2911 төсек орны бар. Мұның ішінде 139 реанимациялық төсек әзірленген. Қазір ол төсектердің пайдаланылуы – 52 пайыз. Қазіргі кезде 29 бала реанимацияда жатыр. Оның 11-і бір жасқа дейінгі нәрестелер, 13-і үш жасқа дейінгі балалар», - деп түсіндірді маман. 

Оның айтуынша, 29 баланың жағдайы орташа деп белгіленген. 

Айта кетейік, бұған Атырау облысында қызылша жұқтырғандар жиілегенін, ауруханада орын жоқ екенін жазған болатынбыз.