Дәулет Мәмеков «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Дәулет Мәмеков 1976 жылғы 24 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2012 жылы Азаматтық авиация академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы «Еуро-Азия Эйр» арнайы қолдану жөніндегі ұлттық авиакомпания» ДББҰ Флайт-менеджері лауазымынан бастады.
2000-2007 жылдар аралығында Атырау, Ақтөбе және Астана қаласында «Евро-Азия Эйр» авиакомпания» ААҚ коммерциялық басқарма бастығы, экономика және қаржы вице-президенті, бірінші вице-президенті болып қызмет атқарды.
2008-2009 жылдар аралығында Астана қ. ҚР ККМ КМА төрағасының орынбасары;
2009-2011 жылдар аралығында «Астана халықаралық әуежайы» АҚ экономика және қаржы вице-президенті;
2011-2013 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
2013-2014 жылдар аралығында «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ экономика және даму вице-президенті;
2015-2016 Астана қаласы «Airport Management Group» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары;
2017-2020 Атырау қ. «Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» АҚ басқарма төрағасы.
Бұған дейін «Aviation Support» ЖШС бірінші басшысы лауазымында қызмет атқарды.