Жамаубаев қаражатты игере алмай жатқан 5 министрлікті атады

Аян Өрібай

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, қаражаттың игерілмеуінің неғұрлым ірі сомалары Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Мәдениет және спорт, Әділет, Төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасып отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Ерұлан Жамаубаев

«Игерілмеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбау, төлем нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін жүргізілген, орындалған жұмыстардың актілерін, шот- фактураларды уақтылы ұсынбау және тағы басқа себепбер», - деді Қаржы министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 5,2 трлн теңгені құраған. Оның 64 млрд теңгесі атқарылмаған.

«Биыл өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. 1 қыркүйекке дейін оларға 1 трлн 358 млрд теңге бөлінді. Оның 98% игерілді. Ең көп игерілмеген сома: Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы, Қызылорда, Түркістан облыстарында қалыптасты», - деді Жамаубаев.