Қазақфильмнің бұрынғы басшысы жемқорлық күдігіне ілінді: Іске Мұхамедиұлының қатысы болуы мүмкін

Ulysmedia

Антикор Шәкен Айманов атындағы Қазақфильмнің бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереленгенін жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

– 2017 жылы Алматы облысының Іле өзен жағасындағы «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған. Қазіргі уақытта осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда, – делінген хабарламада.

2015-2019 жылдар аралығында Қазафильмді Бақыт Қайырбеков басқарған.

 Антикор қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтеді.