ТЖМ экс-министрінің ұлы Игорь Ильин Karabatan Utility Solutions басшысы болып тағайындалды

Ulysmedia

Оның автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу және электр энергетикасындағы инновациялық жобаларды ілгерілету саласында жұмыс тәжірибесі бары хабарланады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Игорь Ильин Қазақстан-Британ техникалық университетін бітірген. Әр жылдары "Қазақ мұнай және газ институтының ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС, сондай-ақ "Aventis group"ЖШС Бас директоры болып жұмыс істеген.

2020 жылдан бастап "Самұрық-Энерго" АҚ басшысы, бұдан әрі "Самұрық-Энерго"АҚ дамыту және сату жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарды.

Игорь Ильин ТЖМ экс-министрі Юрий Ильиннің ұлы.

"Karabatan Utility Solutions" ЖШС Атырау облысындағы "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының өндірістік және жалпы зауыттық инфрақұрылым объектілерін салу жөніндегі оператор саналады.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысындағы ауқымды өрттен кейін президент апатқа уақтылы жауап бермегені үшін ТЖ министрі Юрий Ильинді жұмыстан шығарған болатын.

Юрий Ильин 2020 жылдың қыркүйегінен бастап 2023 жылға дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды.