«Оператор РОП» ісі: сотта Мұқтарова Назарбаева жайлы тіс жармады

Ulysmedia

Бүгін, 17 қарашада Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Тұңғыш президенттің кіші қызы Әлия Назарбаеваның бұрынғы " үй қызметшісі" және "Оператор РОП" ЖШС ресми экс-құрылтайшысы Шынар Мұқтарованың ісі бойынша процесс аяқталуға жақын. Сотталушы соңғы сөзін айтты. Ол тағы да барлық кінәні өз мойнына алып, Әлия Назарбаеваның амал-айласына қатысқанын айтпады. Ulysmedia.kz  осы бизнестегі атышулы оқиғалардың бастан-аяқ дамуын бақылап отыр.

Коллаж Ulysmedia.kz

Мұқтарова соңғы сөзінде өзінің ресми құрылтайшы екенін растады

Әдеттегідей отырыс 10 минуттық кідіріспен басталды. Барлығы процестің қайта басталуын күткен уақытта адвокаттар сотталушыға бірнеше құжаттарды әкелді. Муктарова ешқандай сұрақ қоймай, оларға жылдам қол қойды.

Бұл жолы отырысқа мемлекеттік айыптаушы қатысқан жоқ.

Соңғы сөзінде ол өзінің заңнаманың қыр-сырын білмегендіктен құжаттарға қол қоюға келіскенін тағы қайталады. Осылайша, тек ресми құрылтайшы болған ол «бизнесті жүргізудің қыр-сырын білмеді» деген пікірді растап отыр.

«Мен өз кінәмді толық мойындаймын. Жасалған қылмысқа өкінемін. Тағы да қайталаймын, мен заңнаманың қыр-сырын білмедім және жүргізілген рәсімдердің заңдылығына сенімді бола отырып, бірқатар құжаттарға қол қоюға келістім», – деп атап өтті Мұқтарова.

Сотталушы барлық алынған дивидендтерді жұмсамағанын ескертті. Сондықтан соттың бірінші талабы бойынша оларды жәбірленушілерге бірден қайтарып берген.

Істің соңғы нүктесі қойылмақ

Судья осы резонанстық іс бойынша қандай үкім шығаратыны бүгін кешке белгілі болады.

 

Сот процесінің тарихы

Мұқтарова екі қылмыстық бап – 28-баптың 3-бөлімі (қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру) және 189-баптың 4-бөлімі (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша айыпталып отыр.

2 қарашадағы сот отырысында Мұқтарова жәбірленуші тарапқа — "Жасыл Даму" АҚ-ға 920 млн теңге көлемінде залалды өтегені белгілі болды.

Ал 6 қарашадағы отырыста Мұқтарова кінәні Әлия Назарбаеваға артпай, Коротенкомен бірге атышулы компанияның тең құрылтайшысы болғанын және қыруар "дивидендтер" алғанын мойындады.

Жауап алу барысында Мұқтарова көзіне жас алып, ақшаны ешқашан пайдаланбағанын және жәбірленушіге қайтарғанға дейін қаражаттың бәрі бөлек шотта жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол ЖШС-ні "басқаруға" келіскен сәтте Коротенко оған заң бұзу ниеті туралы айтпағанын мәлімдеді.

Атышулы іс

"Оператор РОП" компаниясының қызметкерлеріне шілдеде сот үкімі шыққан. 22 қыркүйекте Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"Оператор РОП" ісін тергеу өткен жылы басталған болатын. Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "Оператор РОП" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бас директор Светлана Короткенко және қаржы директоры Рустем Темірбек қамауға алынды. Оларға алты қоқыс шығаратын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру арқылы кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 млрд теңгені ұрламақ болды деген айып тағылды.

Тергеушілер "Оператор РОП" қызметкерлері артық шығындарды инвестициялық саясат бағдарламасына негізсіз қосқан деп санайды. Оның ішінде Әлия Назарбаеваның компаниясы осы зауыттарға жұмсауды жоспарлаған 180 млрд теңгенің тағдыры дәл сондай болған. Прокурордың пайымынша, "ӨКМ Операторының" инвестициялық жобаларын "өткізіп жіберген" Пірімқұлов қылмыс жасауға жол ашқан.

Сотталушылар "Оператор РОП" компаниясының нағыз иесін – Әлия Назарбаеваны жазалауды сұраған. Алайда ол сотқа шақырылған жоқ.

Жуырда Қазақстанның Бас прокуратурасы Назарбаеваны жауапқа тарту мәселесіне қатысты түсініктеме берген.