Астана полициясы қала тұрғындарына ауа райының нашарлап, көктайғақ болатынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алдағы күндері елордада ауа райы күрт нашарлайды, жауын-шашын түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Полиция жүргізушілерден барынша мұқият болуды, жылдамдықты сақтауды, күрт маневр жасамауды және арақашықтықты ұстануды ескертті.
Құқық қорғау органдары сонымен қатар қыс мезгілінде көліктердің қысқы дөңгелектермен жүруі қажет екенін еске салды.
– Әдетте Астанада ауа температурасының төмендеуі күнтізбелік қыстан ертерек басталады, сондықтан дөңгелектерді желтоқсанға дейін ауыстыру қажет, – дейді полиция өкілдері.
КОНТЕКСТ
Бұдан бөлек, жүргізушілерге көліктерін алдын ала суық маусымға дайындап, жолда барынша сақ болуға кеңес берілді.
Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» РМК синоптиктері 2 қараша күні Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа райына болжам ұсынған еді.