Павлодар облысында 7 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды

Ғалиасқар Думан

Полиция бұған дейін Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтірді деген күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

ІІМ хабарлауынша, Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың анасы кісі өлтірді деп күдіктеледі.

- Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Давыдова Милананың белгісіз жоғалып кетуінің мән-жайлары мен себептері анықталды. Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері оның өтініші бойынша қылмыстың іздерін жасырған анасы мен танысын ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындады, – делінген хабарламада.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылықтары бар.