Шойгу ҰҚШҰ елдерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құру туралы айтты

Ulysmedia

ҰҚШҰ елдерінің әуе қорғанысының бірыңғай жүйесі (әуе қорғанысы) іс жүзінде құрылды. Бұл туралы «Россия-1» телеарнасында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

kremlin.ru

Ресей Қорғаныс министрлігі басшысының сөзінше, әр мемлекетпен тиісті екіжақты келісімдер бар.

«Шын мәнінде ол екіжақты деңгейде құрылған. Бізде әр мемлекетпен келісім бар. Бұл Армениямен, Қазақстанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен және әрине Беларусьпен жеке-жеке жасалған бірыңғай әуе қорғанысы туралы келісім. ҰҚШҰ іс жүзінде мұны жасады. Егер құжаттама қажет болса, оны құжаттау керек деп ойлаймыз. Бірақ ҰҚШҰ-ға мүше елдердің әрқайсысымен екіжақты келісім бар», - деді Шойгу нақтылап.

Оның айтуынша, жүйе жабдықталған және жұмыс істеп тұр. Оны жауынгерлік жағдайда ұстау үшін оқу-жаттығулар мерзімді түрде жүргізіледі.