30-дан астам жұмыскер бірнеше ай еңбекақы алмаған

Оралхан Қожанов

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында коммуналдық кәсіпорынының 33 жұмыскері бірнеше ай бойы жалақы алмаған. Облыстық прокуратураның араласуынан кейін ғана 4 млн теңгеден астам еңбекақы төленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

«Мемлекеттен алатын субсидияның есебін уақтылы тапсырмағандықтан жұмыскерлер еңбекақы ала алмаған. Прокуратураның араласуынан кейін 4 млн теңгеден астам еңбекақы берешегі жойылды», - дейді ведомство.

Кәсіпорын директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мекеменің кірісін өсіру үшін жұмыс орнының жарғысына өзгерістер енгізіліп, көрсетілетін қызмет түрлері кеңейтілгенін атап өткен жөн.