Аукцион: атақты теннисшінің ракеткасы 107 мың 482 долларға сатылды

Оралхан Қожанов

Серб теннисшісі Новак Джоковичтің 2016 жылы «Ролан Гаррос» турнирін жеңген кезде қолға ұстаған ракеткасы тарихтағы ең қымбат бағаға сатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Айта кетейік, 2016 жылы сербиялық теннисші ақтық сында ұлыбританиялық Энди Маррейді 3:6, 6:1, 6:2, 6:4 есебімен жеңіп, спорттық мансабында төртінші рет «Үлкен Дулыға» турнирінде жеңіске жеткен еді.

Н.Джокович бұл жеңісінен кейін ракеткасын жанкүйерлердің біріне берген екен. Дәл сол жанкүйер жеті жылдан кейін ракетканы спорттық жәдігерлер аукционында 107,482$-ға саудалаған.