Астрология: Желтоқсанда жолы болғыштар кім

Оралхан Қожанов

Астролог Влад Росс 2023 жылдың желтоқсан айында кімдердің жолы болатынын айтты, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Шаян

Желтоқсан айында шаян белгісінде дүниеге келген адамдардың жолы болады екен. Оларда махаббаттың бал дәмін татады. Жалпы желтоқсанда оларды жағымды сыйлықтар күтіп тұр. Алайда денсаулыққа ерекше мән берген дұрыс.

Балықтар

Балықтар сапарларға шығуы немесе саяхаттауы мүмкін. Олар жаңа білім алуы немесе біліктілігін арттыру бойынша курстардан сәтті өтеді. Егер бұрын шет тілін үйренуді бастап, бірақ орта жолдан тастап кеткен болсаңыз, желтоқсан айы сабақтарды қайта бастауға қолайлы кезең.

Арыстан

Арыстандарда махаббат және қарым-қатынас жағынан бәрі жақсы болады. Сондай-ақ оларды шығармашылық табыс күтіп тұр. Егер бұрыннан бері қандай да бір еңбек жазып жүрсеңіз, музыка шығарсаңыз, картина салсаңыз, оны әлемге жария ететін уақыт келді. Арыстандар жоғары жалақы беретін жаңа жұмысқа ауысуы мүмкін.