Ақтаулық автокөлік иелері газ тапшылығына шағымданды

Ulysmedia

Ақтаулықтардың айтуынша, қалада газ тапшылығы байқалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

lada.kz

Автокөлік жүргізушілерінің айтуынша, қалалық газ құю станцияларында көгілдір отын тапшылығы байқалады. Бұл ретте, газ бар жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасқан.

"Кеше қалада түстен бері жанар-жағармай бекетінде кезекте тұрдым. Ақыр аяғында газ аяқталды деп хабарланды. Енді көлікті тағы да бензинге ауысуға тура келеді", - дейді Ерлан есімді көлік жүргізушісі.

Автокөлік иелерінің шағымы толастар емес. Көбісі қаланың сыртындағы бекеттерге баруға мәжбүр. Бірақ сағаттап кезекте тұруы керек.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында жағдай туралы әлі түсініктеме берілген жоқ, деп жазады lada.kz.

Бұған дейін Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі уақытша газды  беруді тоқтату туралы хабарлаған болатын. Бұл шара өндірістік қажеттілікке байланысты және инвестициялық бағдарлама шеңберінде газ құбырының қуатын арттыру мақсатында қабылданған болатын.