Астанада 11 күнде 14 көлік отқа оранды

Оралхан Қожанов

Ауа райының күрт суытуына байланысты автокөліктердің өртенуі жиілеп кетті. Мәселен, елордада желтоқсанның 1-інен бастап 14 автокөлік отқа оранған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

бейнежазбадағы кадр

“Иманов көшесінде «ВМW» автокөлігі өртеніп кетті. Құтқарушылар келгенге дейін өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі”, – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Көліктегі өрттердің ең көп тараған себептері  – электр жабдықтары мен қыздыру жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы оқыс оқиғаға түрткі болуы мүмкін.