Депутаттар шенеуніктер тарапынан рейдті тоқтатуды талап етіп отыр

Ulysmedia

Олар шенеуніктер табысты бизнесті жоюдың немесе рейдерлік басып алудың барлық жаңа тәсілдерін ойлап табатынын алға тартып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

"Ақ жол" партиясының басшысы Азат Перуашев бас прокурорға шенеуніктер тарапынан рейдті тоқтатуды талап етіп сауал жолдады.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың заңды бизнес орналасқан жер учаскелерімен келіспеушілігі туралы өтініш білдіруді жалғастыруда.

"Мәселен, 27 маусымда біздің фракция Оралдағы әйгілі "Кублей" зауыты, Алматы облысындағы "KZ Recycling" үлгілі кәсіпорны, "Нұртау Темір" ЖШС зардап шеккен санитарлық аймақтарды бұза отырып, тұрғын үй құрылысына учаскелер бөлуге байланысты табысты кәсіпорындардың мақсатты түрде қирауына әкеп соқтыратын мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері туралы сұрау салды.

Белгілі болғандай, жоғарғы сот жақында "Кублей" зауытының ісін қайта қараудан бас тартты. Бұл – зауыттың өмір сүруін ттқтатып, жүздеген жұмыс орындарының жоғалуын және ұлттық ет брендінің жойылуын білдіреді.

Бірақ "Ақ жол" осы және басқа да кәсіпорындар үшін күресті жалғастырады. Осындай істер бойынша бас прокурордың наразылығын енгізуді талап етеді. Алайда, біздің шенеуніктер табысты бизнесті жоюдың немесе рейдерлік жолмен басып алудың барлық жаңа тәсілдерін ойлап табуда", - деді депутат.

Шипажай және Болат Назарбаев

Перуашев тағы бір мысал келтірді. 2019 жылы Түркістан облысындағы "Алтын Бұлақ" санаторийін басқа кәсіпорыннан гольф-клубпен іргелес жатқан кәсіпорыннан сатып алған "СТС" ЖШС көмек сұрады. Бұрынғы меншік иесі бұл нысандарды 2017 жылы қаржы министрлігінің ашық аукционында сатып алған.

"Жаңа иелер санаторийді қайта жөндеуден өткізіп, оған 4,5 млрд астам қаражат салды. Бірақ кенеттен өткен жылы аудандық жер қатынастары бөлімі Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2003 жылғы қаулысын жарамсыз деп тану туралы талап арыз береді (яғни, 20 жылдан кейін!). Белгілі болғандай, Болат Назарбаев санаторий маңындағы резиденцияны сатып алып, кейін басқа ЖШС-ге берген.

Бұл мемлекеттік мүдделерді қорғау емес, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды басып алу деген сөз. Шенеуніктер өздерінің гольф алаңы бар толық жаңартылған санаторий сияқты “дәмді” бизнесті кімге қайта сатуды жоспарлап отырғанын болжау ғана қалады", – деді депутат.

Ол барлық дәлелдер мен мәлімдемелерді мұқият қарауды сұрайды.