2023 жылы елімізде алаяқтар 100 млрд теңгені қалтасына басқан

Ulysmedia

Биыл қаңтар-қараша айларында ғана ҚР сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде "алаяқтық" бабы бойынша 40 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Жалпы шығын 97 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бұл ретте, мұндай бұзушылықтардың жартысына жуығы интернет-алаяқтыққа тиесілі – 19,9 мың жағдай. Бұдан әрі төлем карталарын пайдалана отырып алаяқтық жасау – 267 жағдай, несиелеу саласында – 53 жағдай және ақшалай қаражатты қарызға алу арқылы – 41 жағдай тіркелген.

Алаяқтық фактілерінің көбі Алматыда орын алған (8,5 мың жағдай). Антилидерлер тізімінде: Астана – 6,5 мың жағдай және Қарағанды облысы – 3,3 мың жағдай есепке алынған.

Ал ең төмен көрсеткіштер Ұлытау (397 жағдай), Қызылорда (615 жағдай) және Жамбыл (806 жағдай) облыстарында тіркелді.

Жыл басынан бері 6 мың азамат жауапкершілікке тартылған.