Кәсіпкерлер шығынын кім өтейді: Елордадағы «Астаналық» сауда үйінен өрт шықты

Ғалиасқар Думан

Өрт оқиғасы бүгін таңертең он шамасында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Скриншот

«Бүгін сағат 09.59 шамасында Байқоңыр ауданындағы «Артем» сауда үйіндегі бутиктен өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы 2-ші бутикте 60 шаршы метр аумақ өртенгенін анықтады. Өрт сағат 10.14 уақытында оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Департамент сауда үйіндегі азаматтарға қанша шығын келгені жөнінде ақпарат таратқан жоқ. Алайда редакцияға келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, сол жердегі бір кәсіпкердің шығыны өтелетіні турасында кепілдік берілген де, басқа кәсіпкерлер ұшыраған шығынды қалай қалпына келтіруді білмей отыр. Кәсіпкерлердің тауарына өрттің қалдығы түсіп, түтіннің иісі сіңіп қалған. «Зардап шеккен кәсіпкерлерді қорқытып, «шағым жоқ» деп қағазға қол қойдыртып жатыр» дейді ақпарат көзі.