Үш ел Қазақстаннан 300 млн теңгеге көмек алады

Ulysmedia

Қазақстан үкіметтің резервінен Тәжікстанға, Қырғызстанға және Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. "Ашық НҚА" порталында орналастырылған "Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен ағымдағы іс-шараларды өткізу" құжатына сәйкес осы мақсаттарға 310 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

primeminister.kz

Көмек қалай бөлінеді?

Ауғанстан: 216 миллион теңге.

Тәжікстан: 77 миллион теңге.

Қырғызстан: 17 миллион теңге.

Көлік министрлігі гуманитарлық көмектің уақытылы жеткізілуіне жауапты. Оның ішіне ұн, май, консервіленген ет, макарон, күріш сияқты азық-түлік өнімдері, сондай-ақ дәрі-дәрмектер кіреді.

Айта кетейік, бұған дейін еліміз Палестина халқына бір миллион долларлық гуманитарлық көмек көрсетіп, қиын кезеңдерде көмек көрсетуге дайын екендігін атап өткен болатын.