Үндістанның солтүстігінде қардың қалың түсуі мен ауа райының қолайсыздығынан кемінде 11 адам, оның ішінде тауда серуендеушілер, жүк тасушылар мен гидтер қаза тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ТАСС-тың мәліметінше, із-түссіз жоғалғандар іздестірілуде. Өткен дүйсенбіде Уттаракханд штатында 17 турист пен гидтертен құралған топ Ламкхага тау асуынан өтіп бара жатып жоғалып кетті. Бірнеше гид жақын маңда орналасқан үйге аман-есен жеткен соң қалған адамдарды іздеу жұмыстары басталды.
Жергілікті биліктің өтініші бойынша 20 қазан күні іздеу жұмыстарына әскерилер де қосылды. Сенбі күні таңға жуық 2 адам тірі, 11 адам өлі күйінде табылды. Құтқарылған адамдар ауруханаға жеткізілді. Қалған адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде.