Демалмаған құтқарушылар: Жаңа жыл қарсаңында 518 адам құтқарылды

Айнель Аянова

Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа жыл кешінде құтқарушылар күшейтілген режимде қызмет атқарғанын хабарлады.

ҚР ТЖМ

Өткен тәулікте, 31 желтоқсанда Қазақстан ТЖМ күштері қоңырау бойынша 163 орынға шыққан. Оның 94-і өртке, 68-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға байланысты болған.

– Бұл ретте 518 адам, оның ішінде 65 бала құтқарылды және эвакуацияланды. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады, – делінген департамент хабарламасында.

Құтқарушылар ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға, абай болуға шақырады.