Тоқаев мемлекеттік сапармен Түрікменстанға барды

Ulysmedia

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа келді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: facebook/ Берік Уали

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбук парақшасына жазды.

«Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады», - деп жазды Берік Уәли.