Көлік министрлігі ресейлік олигархқа ұшақтың сатылғанын жоққа шығарды

Оралхан Қожанов

Ведомтсвода "Олигарх Олег Дерипаска санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық Irtysh-Air тасымалдаушысы арқылы Falcon 7X жаңа бизнес-джетін 36 миллион долларға сатып алды" деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Көлік министрлігі БАҚ-та тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Әуе кемесінің бұл түрі бұрын-соңды Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде болмаған. Irtysh air авиакомпаниясында бүгінгі күні азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты жоқ және 10 жылға жуық ұшуды жүзеге асырмайды. Авиакомпания бұрын әуе кемесінің бұл түрін ешқашан пайдаланбаған",- деп хабарлайды азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін 2016 жылы шығарылған Falcon 7X жаңа ұшағы Қазақстаннан Ресейге 2023 жылғы ақпанда әкелініп, Дерипаскамен байланысты "Арсенал" компаниясына ресімделгені хабарланған болатын.