Полиция бір аптада заңсыз жүрген 633 шетелдікті ұстады - Түркістан

Ulysmedia

ІІМ «Нелегал Кордон» операциясын өткізген тәртіп сақшыларының жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Полиция шетелдіктердің жинақы тұратын жерлерін, тұрғын үй секторларын, құрылыс нысандарын, базарларды, ұйымдардың және шетелдіктердің жалдамалы еңбегін заңсыз пайдаланатын жұмыс берушілерді тексерді. Операция кезінде көші-қон заңнамасын 14 116 бұзушылық анықталды», - деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Омаров.

Оның айтуынша, 10 282 шетелдік елде болу мерзімін ұзартып жүріп алған. 613 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жалпы операцияның өзі 11-18 қазаны аралығында өткізілген.

«Мысалы, Түркістан облысында түрлі құрылыс нысандарында заңсыз еңбек еткен 633 шетелдік анықталды.Осыған ұқсас фактілер Шымкент қаласында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетелдіктер мен олардың жұмыс берушілері жауапкершілікке тартылды», - дейді ол.