Өскеменде жастар армияға бармас үшін пара беріп құтылмақ болған

Аян Өрібай

Аталған іс туралы бүгінгі брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

– ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жасақтау бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол әскерге шақырылушыларға мерзімді әскери қызметтен кейінге қалдырғаны үшін ҚР азаматтарынан бірнеше рет пара алу бойынша күдікті, - дейді ол.

Қылмыстық іс сотқа жіберілген.